«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

«Жоғары өнімді сүтті түйелерінің жаңа генотиптерінің мамандандырылған репродукторлық фермасын құру»

2023–2025 жылдары «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғалымдарының селекциялық жетістіктері негізінде Қазақстан Республикасының «Ғылым қоры» АҚ-ның Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу басым бағыты аясында Маңғыстау облысында «Ботам 2023» ЖШС базасында «Жоғары өнімді сүтті түйелерінің жаңа генотиптерінің мамандандырылған репродукторлық фермасын құру» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру жобасы іске асырылды.
Маңғыстау облысында алғаш рет жобаның негізгі ғылыми жаңалығы ретінде еліміздің түйе шаруашылығы саласының асыл тұқымды материалға деген сұранысын толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық жоғары өнімді сүт бағытындағы түйе генотиптерін таза тұқымды өсіру арқылы сүт өнімдерінің ассортименті мен өндіріс көлемін арттыруға бағытталған мамандандырылған асыл тұқымды түйе шаруашылығы репродукторы құрылды.
«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғалымдарының Қазақстан Республикасы түйе шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі айрықша. Олардың көпжылдық іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулері отандық селекция ғылымының жоғары деңгейін дәлелдеп, генетикалық әлеуеті жоғары асыл тұқымды мал басын қалыптастырудың берік ғылыми негізін қалады әрі саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға елеулі ықпал етті.
Бейнематериалға сілтеме: Facebook