Институтта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жоспарлы іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға Институттың комплаенс-офицері, заңгері, бөлім меңгерушілері, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер мен әкімшілік-басқару персоналы қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға Институтта қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі талаптары, мүдделер қақтығысын реттеу тәртібі, корпоративтік этика кодексінің нормалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік жөнінде түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
— сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын сақтау;
— қызмет барысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау және хабарлау;
— сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғалардың құқықтарын қорғау тетіктері.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлерді Институттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ішкі нормативтік құжаттарымен таныстыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету.
Институт басшылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.


