Институтқа Франция Республикасының өкілі Винсен Бергер – Expertise France ұйымының ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі маманы және кеңесшісі жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы ғылымының өзекті мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.
Өз сөзінде қонақ Франция ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы мен негізгі даму бағыттарына шолу жасады. Ол институт ғалымдары әзірлеген аридті дақылдарға, сондай-ақ шығарылған ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдары мен ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарына ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық орнатуға жоғары қызығушылық білдіріп, Франциямен бірлесіп өзара маңызды және өзекті бағыттар бойынша халықаралық ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндігін атап өтті.
#agrobilimonline #nasec #наноц

