«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

«Жаңа Өзбекстанның жібек шаруашылығының өзекті мәселелері және оны инновациялық технологиялар негізінде шешу» Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы

Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры Н.Обломурадовтың шақыртуымен 2025 жылдың 1 мамырында «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің басқарма төрағасы Шарбан Сапарқызы Қосқараева «Жаңа Өзбекстанның жібек шаруашылығының өзекті мәселелері және оны инновациялық технологиялар негізінде шешу» Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясында құттықтау сөз сөйледі. (Өзбекстан Республикасы, Ташкент).

Қазақстаннан АӨК субъектісі ретінде «Қазақ Жібек Ассоцияциясы» ЖШС-нің төрағасы С.М. Бакиров та қатысты, онымен «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 2024 жылы ғылыми-өндірістік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Пәкістан ғалымдарының, сондай-ақ ФАО ұлттық сарапшысының қатысуымен өткен конференцияда жібек шаруашылығын дамытудың өзекті және маңызды проблемалық мәселелері кеңінен талқыланды. Сапар қорытындысы бойынша Ташкент мемлекеттік аграрлық университетімен және Жібек шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастықты дамыту бойынша Меморандумдарға қол қойылады.

«ОБМӨШҒЗИ» ЖШС өзбек әріптестері мен ғалымдарының көмегімен Қазақстанда жібек шаруашылығын дамытуға ерекше қызығушылық танытып отыр, өйткені Өзбекстан қазіргі уақытта Қытай мен Үндістаннан кейін жібек өндіру бойынша әлемдегі жетекші үштіктің бірі болып табылады. Осылайша, мүдделі халықаралық ғылыми орталықтарды тарта отырып, «ОБМӨШҒЗИ» ЖШС халықтың әлеуметтік аспектілерін шешуге және тұтастай алғанда елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін жібек шаруашылығы бойынша бірлескен ғылыми жобаларды дайындап, жүзеге асыруға ниетті.

«ОБМӨШҒЗИ» ЖШС бұл ынтымақтастық тек ауыл шаруашылығы ғылымы мен жалпы өнеркәсіп саласында ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстанда жібек өндірісін жолға қою және ілгерілету игілігі үшін өзара тиімді серіктестікті дамытуға жаңа серпін береді деп үміттенеді.

Барлық мүдделі тараптарға сәттілік пен өркендеу тілейміз!!! (06.05.2025 г.).