«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

ҒЗИ ғалымдары Ташкентте

2025 жылғы 18-19 наурызда «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС делегациясы құрамында Басқарма төрағасы Ш.С. Қосқараева және жетекші ғалымдар – бас ғылыми хатшы Ш.А. Жұмабаев пен мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Ш. Абдуллаев Өзбекстан Республикасы Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік комитетінің Мал және құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болды (Ташкент).

Өзбекстандық әріптестер Ташкент облысы Сырдария және Бостандық аудандарының алдыңғы қатарлы шаруашылықтарында ғылыми жетістіктерін қазақ әріптестеріне паш етті. Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамытудағы өзекті және маңызды проблемалық мәселелер талқыланды.

Сапар барысында мал шаруашылығы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер туралы Меморандумға қол қойылып, ауыл шаруашылығы ғылымы, атап айтқанда, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстандық делегацияны Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен «KOPIA» (Оңтүстік Корея) компаниясы арасындағы табысты және өзара тиімді ынтымақтастық тәжірибесі қызықтырды. Осылайша, тараптар «KOPIA» (Ташкент) компаниясының кеңсе басшысымен бірге ірі қара малдың құнды генотиптерінің эмбриондарын трансплантациялау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. (19.03.2025 ж.). ).