«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Carboneg жобасы

2025 жылдың 5 сәуірінде Леңгір қаласында Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары (ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, бас ғылыми қызметкер – Басқарма мүшесі Сыдық Д.А. және аға ғылыми қызметкер Асауов С.) карбондық технологияларды Түркістан облысының фермерлік шаруашылықтарына ендіру бойынша тәжірибелік іс-шараға қатысты. Бұл шараны экологиялық бастамаларды қолдау орталығының (Чехия) демеушілігімен «Карбонег» жобасы аясында «Өгем» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Көктемнің келуімен дала жұмыстары қыза түсетіні белгілі. Дөңгелек үстелдің миссиясы – «көміртекті (карбонды) ауыл шаруашылығын» дамыту және «көміртекті (карбонды) экономиканы» құру үшін облыстың шаруашылықтарына қоғамның назарын аудару.

Carboneg — регенеративті ауылшаруашылық әдістерін енгізу арқылы топырақтағы көміртекті байланыстыруға негізделген көміртекті жою жобасы. Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты «Өгем» қоғамдық бірлестігі бүгінде осындай шаруа қожалығын құрумен айналысып, жұмыстың мән-жайымен жұртшылықты таныстыруда.

«Өгем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Әбдешев бүгінгі таңда жаһандық жылынуға байланысты ауаға көмірқышқыл газының шамадан тыс бөлінуінен болатын зиянды климаттық өзгерістер орын алып жатқанын атап өтті. Сондықтан ғалымдар қоршаған ортаны барынша қорғаудың жаңа әдістерін әзірлеуі керек. Сондай әдістердің бірі көміртегі (карбон) фермасын құру болып табылады. Ең бастысы, ауадағы көміртегінің мөлшерін азайтып, оның топырақтағы құрамын арттырып, топырақ құнарлылығын арттыру.

Д.Сыдық өз сөзінде диқандар мен «Дөңгелек үстелдің» басқа да қатысушыларына көміртегі көзін азайтуды көздейтін топырақты өңдеу технологиясы АҚШ-та 50 жылдан бері бар және бірте-бірте Еуропаға таралып келе жатқан көміртегі шаруашылығы деп аталатынын түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, ауыл шаруашылығы жерлерінің шамамен 14%-ы (29,9 млн. га) іс жүзінде эрозияға ұшыраған. Ауылшаруашылық жерлерінің деградациясының басқа да күрделі факторлары жайылымдардың сарқылуы және топырақтың тұздануы болып табылады. Бұл процестердің барлығы өзара байланысты және жүйелі шешімді қажет етеді. Негізгі вектор – топырақ құнарлығын арттыру және тұрақты агротехнологияларды енгізу.

«Өгем» қоғамдық бірлестігінің мәліметі бойынша, «Carboneg» Түркістан облысының Төлеби, Түлкібас және Қазығұрт аудандарындағы бес шаруа қожалығын «топырақта көміртегі көп болса, соғұрлым жақсы» қағидасы бойынша қаржыландырған.

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Carboneg жобасы аясында «Өгем» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық орнатуға және дамытуға қызығушылық танытуда. (08.04.2025 ж.).